Қазақстан биыл мұнай өндірісін 74 млн тонна межесінде ұстайды - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан биыл мұнай өндірісін 74 млн тонна межесінде ұстайды - сарапшы

Қазақстан биыл мұнай өндірісін 74 млн тонна межесінде ұстайды - сарапшы

Қазақстан биыл өндірілетін мұнай көлемін 74 млн тонна көлемінде ұстауы керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мəслихатында Қазақстандағы мұнай сервисі компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов  мəлім етті.&nb

  • 19 Сәуiр 2016
  • 395
Фото - Caravan.kz


"2014 жылы біз бір жылда  80 млн тонна мұнай өөндіріп едік, биыл өндірісті 6 млнға қысқартып, 74 млн тонна өндіреміз деп межелеп отырмыз. 74 млн тонна дегеніміз — бір баррель мұнайдың бағасы 35 доллар кезінде 1,5 млрд теңге қыруар ақша деп ойлаймын. Өндірілетін мұнай көлемін бұдан төмендетуге келіспеу керек шығар. Себебі, біздің мемлекеттің негізгі қаржысы мұнайдан келетін экспорт екені белгілі. Егер бұдан да қысқартатын болсақ, өзіміздің өндірісті дамыту, аймақты дамыту, бұдан өзге əлеуметтік даму бағдарламалары қаржыға тапшы болып қалады. Сондықтан, қазіргі деңгей бізге де жəне дүниежүзілік мұнай қауымдастығына да ыңғайлы болады деп ойлаймыз", — деді Р.Жақсылықов. 

Естеріңізге сала кетейік, Рашид Жақсылықов атап өткендей,  Дохада өткен ОПЕК-ке мүше және ұйымға кірмейтін елдердің кездесуі Қазақстан күткен нəтиже берген жоқ. Себебі, Иран мемлекеті мұнайдың өндірісін азайтуға келісімін берген жоқ. Жыл басын күніне 500 мың баррелмен бастап еді, екі-үш айдың ішінде мұнай өндірісін күніне 1,5 млн баррельге жеткізді. Жыл соңына дейін 4 млн баррельге жеткіземіз деп отыр.