Қарағандының бұрынғы әкімі М.Смағұлов түрмеден мерзімінен бұрын босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының бұрынғы әкімі М.Смағұлов түрмеден мерзімінен бұрын босатылды

Қарағандының бұрынғы әкімі М.Смағұлов түрмеден мерзімінен бұрын босатылды

Экс-премьер-министр Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталған Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

  • 19 Сәуiр 2016
  • 392
Фото - Caravan.kz

«Сотталған М.Смағұловтың  сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы туралы өтініші қанағаттандырылсын», — делінген Қарағанды қ. Қазыбек би аудандық сотының қаулысында.

Құжатта көрсетілгендей, өтелмеген уақыт 5 ай 18 күнді құрады. Бұл мерзімде сот пробациялық бақылау орнатты.

Сот М. Смағұловтың тағайындалған жазаның жартысын өтегенін және бостандығынан айыру орындарында тәртіп танытқанын ескерді. 

Қаулыға сәйкес, экс-әкім Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/1 түзету мекемесінде жазасын өтеу кезінде шаруашылық қызмет көрсету жасағының абаттандырушы жұмысшысы болып жұмыс істеді. Жазасын өтеуші 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына арнап концерттер мен спорттық шаралар ұйымдастырғаны үшін мадақталғаны аталып өтілді.

Өтінішке шаруа қожалығы басшысының хаты қоса берілді. Фермер сотқа М.Смағұлов босаған соң оны өз мал өсіру фермасының басқарушысы ретінде жұмысқа алуға дайын екенін хабарлады.


Сот қаулысы заңды күшіне енбеді және апелляциялық инстанцияға оған қатысты шағымдануға болады.