Астанада XIII Еуразиялық медиафорум өз жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада XIII Еуразиялық медиафорум өз жұмысын бастады

Астанада XIII Еуразиялық медиафорум өз жұмысын бастады

Бүгін XIII Еуразиялық медиа форум өз жұмысын бастады. Ауқымды шара аясында шеберлік сағаты өтеді. Қазір ғана басталған шеберлік сағатында дұрыс имидж қалыптастырудың жолдары талқыланатын болады. Дәрісте айтылған ақпараттар, әсіресе, іскер азаматтар үшін таптырмас кеңес болмақ. Сондықтан басқосуға көбіне компания басшылары, саясаткерлер мен сарапшылар, журналистер қатысып жатыр. Шеберлік сағатын Ұлыбританиядан келген тәуелсіз саяси кеңесші Саймон Анхольт жүргізіп жатыр. Ол мемлекеттің имиджін қалыптастыру бағытында еңбек ететін белді маман. Жалпы бүгін шара аясында 2 түрлі шеберлік сағаты мен дәріс өткізіледі. Айта кеткен жөн, 3 күн қатарынан өтетін медиафорумға әлемнің 50 елінен келген 400-ден астам аузы дуалы саясаткерлер, ғалымдар мен сарапшылар, қоғам қайраткерлері, журналистер және экономистер  атысады. Көкейтесті мәселелерді ортаға салып, оның шешімін табу жолдары талқыланатын болады. Ашық пікір алаңында жаһандағы шиелінскен жайттар сараланып, саяси тұрақтылық пен аймақтағы қауіпсіздікті сақтаудың тетіктері пысықталмақ. Жыл сайын ауқымды шараға қатысуға ниет білдіргендердің қатары көбеюде. Бұл осымен XIII рет өткізіліп отырған медиафорумның өзектілігі жыл санап артып келе жатқандығының айқын көрінісі. Бұл жөнінде Еуразиялық медиафорумның бас директорының пікірін тыңдап көрсек.

  • 20 Сәуiр 2016
  • 354
Фото - Caravan.kz


Руслан Жемков, Еуразиялық медиафорумның бас директоры:

— Медиафорумда жаһандағы соңғы маңызды оқиғалар талқыланады. Мәселен Париж бен Брюссель қаласында өткен соңғы террорлық әрекеттер, мұнай бағасының құлдырауы, экономикалық дағдарыс, келімсектердің мәселесі, Таяу Шығыстағы ахуал сынды өзекті жайттар сараланады. Сондай-ақ Еуропалық Одақтың болашағы да форумда айтылады. Ақпараттық соғыс пен киноиндустрияның рөлі де пасықталады. Медиафорум еліміздің беделін арттыруға зор ықпал етеді. Форум жұмысына 300-ден астам отандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады. Түстен кейін Ұлыбританияның белді мемлекеттік қайраткері Джек Стро дәріс оқитын болады. Бұл жөнінде алдағы сағаттарда тікелей эфирде ақпарат беретін боламыз.