Ауғанстанның әскері мен министрліктері Қазақстан астығының тұтынушысына айналуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанның әскері мен министрліктері Қазақстан астығының тұтынушысына айналуда

Ауғанстанның әскері мен министрліктері Қазақстан астығының тұтынушысына айналуда

Ауғанстанның әскері мен министрліктері Қазақстан астығының тұтынушысына айналуда. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Ауғанстан Ислам РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі Өміртай Бітімов мәлім етті.

  • 20 Сәуiр 2016
  • 324
Фото - Caravan.kz

Оның сөзіне қарағанда, астықты коммерциялық негізде түрлі бизнесмендер жеткізіп жатыр. Сонымен қатар, ауған азаматтары Қазақстанға арнайы келіп, астық сатып алуда.

«Жалпы, бізден 600 мың тонна бидай сатып алынады. Бұл тұрғыда мәселенің мәнісі мемлекеттік қажеттіліктер үшін перспективалық шарттарға қол қоюға байланысты болып отыр. Себебі, Ауғанстанда күш құрылымдарының блогы өте қуатты. Қазіргі кезде күш құрылымдарда 341 мың адам қамтылған», — деп тоқталды Елші.

Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау және Білім министрліктері де еліміздің тауарларын ауқымды көлемде тұтынады екен.

«Осы орайдағы жұмыстар еліміз өнімдеріне Ауғанстандағы сұранысты ретке келтіріп, тиісті шараларды қабылдауға қатысты болуда»,-деді ол.

Ө. Бітімовтың айтуынша, астық ақысыз негізде жеткізілмейді, тек гуманитардық апаттар кезінде ғана тегін беріледі. «Ақысыз негізде біз табиғи апаттар кезінде көмектестік. Жыл сайын азық-түлікпен, киім-кешекпен, төсек-орын жабдықтарымен көмек бердік»,-деді ол.


Елшінің пайымынша, экспортты жандандыру үшін басты проблема — ол қауіпсіздік. «Біздің жеткізушілер ондағы ахуалдан тиісті деңгейде хабардар емес. Сондықтан белсенділікті осы мәселе тежеп тұр»,-деді ол.