Қостанайда асырап алған қызын қамшымен сабаған патронатты тәрбиелеуші сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда асырап алған қызын қамшымен сабаған патронатты тәрбиелеуші сотталды

Қостанайдың кәмелетке толмағандар ісі жөнінде мамандандырылған аудан аралық соты қамқорлығына алған 12 жасар қызды аяусыз соққыға жыққан патронатты тәрбиелеушіге жаза кесті.
Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған 120 сағат қоғамдық жұмыс түрінда жаза тағайындалып, өзі үш жылға бала тәрбиесімен жəне қамқорлыққа алу жұмыстарымен айналысу құқығынан айырылды.
Іс материалдарына сүйенсек, ол қызды үйге кеш қайтқаны үшін сабаған. Тәрбиелеп алған анасының өтінішімен дүкенге кеткен қыз бала жолда құрбыларын кездестіріп қалып, үйге кеш оралған көрінеді.
«Патронатты ата-ана қызды іздеп таппаған соң, үйге оралған кезде оны алдымен анасы, содан соң әкесі ұрған», - делінген хабарламада.
Оқиғадан құлағдар болған мұғалімдер полицияға хабар берген.

  • 20 Сәуiр 2016
  • 350
Фото - Caravan.kz

Қостанайдың кәмелетке толмағандар ісі жөнінде мамандандырылған аудан аралық соты қамқорлығына алған 12 жасар қызды аяусыз соққыға жыққан патронатты тәрбиелеушіге жаза кесті.

Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған 120 сағат қоғамдық жұмыс түрінда жаза тағайындалып, өзі үш жылға бала тәрбиесімен жəне қамқорлыққа алу жұмыстарымен айналысу құқығынан айырылды.
Іс материалдарына сүйенсек, ол қызды үйге кеш қайтқаны үшін сабаған. Тәрбиелеп алған анасының өтінішімен дүкенге кеткен қыз бала жолда құрбыларын кездестіріп қалып, үйге кеш оралған көрінеді.
«Патронатты ата-ана қызды іздеп таппаған соң, үйге оралған кезде оны алдымен анасы, содан соң әкесі ұрған», — делінген хабарламада.