19 жастағы қарағандылық жігіт 250 мың теңгеге танысын өлтіруге тапсырыс берген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
19 жастағы қарағандылық жігіт 250 мың теңгеге танысын өлтіруге тапсырыс берген

19 жастағы қарағандылық жігіт 250 мың теңгеге танысын өлтіруге тапсырыс берген

Қарағандыда полицейлер тапсырыспен адам өлтіру қылмысының алдын алды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз-қызметінен. 

  • 21 Сәуiр 2016
  • 385
Фото - Caravan.kz

Ведомство баспасөз қызметінің ақпаратынша, 19 сәуірде адам өлтіруге тапсырыс берген жігіт Қарағанды сауда үйлерінің бірінің маңында ұсталды.

«9 наурызда Қарағанды облысының ІІД-не 19 жастағы жігіт 18 жастағы танысын өлтіру үшін киллер іздеп жүргені жайлы хабар түсті. Жедел-іздестіру шаралары кезінде тапсырыс беруші 250 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындағаны жайлы әңгіме тіркелді. Жігіт ақшаны беріп, орындаушы дәлел ретінде мәйіттің суретін көрсетеді деген талап қойды», — деді ІІД баспасөз қызметінен.

Ұсталған азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


null