Ақ үйдің ауласына қонған әуесқой ұшқыш сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақ үйдің ауласына қонған әуесқой ұшқыш сотталды

Ақ үйдің ауласына қонған әуесқой ұшқыш сотталды

Америкалық сот Вашингтонда Капитолий үстімен жеңіл тікұшақпен (гирокоптер) ұшып өтіп, кейін оның ауласына қонған бұрынғы пошта қызметкері Дуглас Хьюзды төрт айға бостандығынан айырды, деп хабарлады Би-би-си.

  • 22 Сәуiр 2016
  • 385
Фото - Caravan.kz

Сот Хьюздің кінәсін мойындағанын ескерді. Бұл жағдайлар ескерілмегенде, ол үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Қосымша жаза ретінде сот Дуглас Хьюзден гирокоптерді тәркілеп алды.

Шамамен бір жыл бұрын Хьюз гирокоптермен Конгресс үстімен ұшып өтіп, кейін  аппаратты ғимарат маңындағы  көгалға қондырған еді.