Алматы қаласы әкімдігінің құрылымы қайта ұйымдастырылатын болады - Б. Байбек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласы әкімдігінің құрылымы қайта ұйымдастырылатын болады - Б. Байбек

Алматы қаласы әкімдігінің құрылымы қайта ұйымдастырылатын болады - Б. Байбек

Орталық коммуникация қызметінің Алматыдағы филиалында қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындауда аралық кезеңде жүзеге асырылған істерді қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.

  • 22 Сәуiр 2016
  • 518
Фото - Caravan.kz


Оған Алматы қаласы әкімі аппараты мен басқармалардың, сондай-ақ, аумақтық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бизнес субъектілерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысуда.

Өзінің алғы сөзінде қала басшысы Алматыда «100 нақты қадамды» орындауда бірқатар шаралардың жүзеге асырылып жатқандығын мәлімдеді.

«Алматы — көлік жүргізушілерінің емес, жаяу жүргіншілердің, велосипедшілердің қаласы болуы  керек. Қалада қоғамдық көлік саласын дамыту өте маңызды. Бұл тұрғыда Алматы қаласы әкімдігінің құрылымын қайта ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Мысалы, Автомобиль жолдары мен Жолаушылар көлігі басқармалары біріктіріледі. Сонда көлік жүйесіне қатысты саясат бір басқармада әзірленетін болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта тағы бірқатар қалалық басқармалардың жұмысы оңтайландырылатын болады, яғни біріктіріледі. Ал үш ірі басқарманың штаты қысқартылады. Ал атқарылатын жұмыстардың бірқатар бөлігі аудандық әкімдіктерге беріледі. Бұл жерде басты мақсат — тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқару», —  деді Б. Байбек.