25 сәуір күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
25 сәуір күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

25 сәуір күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

25 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады деп күтіледі.

  • 25 Сәуiр 2016
  • 305
Фото - Caravan.kz

Тек республикамыздың солтүстік, шығыс және оңтүстік аймағында  атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты  жауын-шашын болып, найзағай күтіледі, жел күшейеді.  Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

Қызылорда, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с  болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының   кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, жел  15-20 м/с күшейеді.  Қарағанды мен Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Ақтөбе облысының бірқатар жерлерінже жоғарғы өрт қаупі сақталады.