Астана полициясы нәрестесін далада тастап кеткен көкек анаға іздеу жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана полициясы нәрестесін далада тастап кеткен көкек анаға іздеу жариялады

Астана полициясы нәрестесін далада тастап кеткен көкек анаға іздеу жариялады

Елордалық полиция қызметкерлері далада қалдырылған нәрестенің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздеу шаралар кешенін жүргізуде.

  • 25 Сәуiр 2016
  • 316
Фото - Caravan.kz

«22 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Ақмешіт көшесіндегі жатақханалардың бірінің баспалдағының астында жаңа туылған нәресте табылды. Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері оны балалар ауруханасына жеткізді. Жынысы ер бала көрпешеге оралған күйінде табылды», — деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Аталған факт сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 119-бабы бойынша («қауіпті жағдайда қалдыру») тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.