Жапония қарт бақташылар мен дихандардың жұмысын роботтарға істетпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония қарт бақташылар мен дихандардың жұмысын роботтарға істетпекші

Жапония қарт бақташылар мен дихандардың жұмысын роботтарға істетпекші

Жапонияда қартайып кеткен немесе зейнеткерлікке шығатын шаруаларды біртіндеп роботтармен, қашықтан басқарылатын ауылшаруашылық техникасы және автоматтандырылған кешендерге ауыстыратын мемлекеттік бағдарлама іске қосылды.

  • 25 Сәуiр 2016
  • 416
Фото - Caravan.kz

Ауылшаруашылығы саласындағы қызметкерлердің орташа жасының ұлғайуы елде азық-түлік тауарын өндіруге қауіп төндіреді. Дамыған елдерде азық-түлік өнімдерін жасайтын мамандардың орташа жасы 60-тан асып кеткен.

Жапония автономдық фермаларды қолдауға 36 млн доллар қаржы жұмсауды жоспарлап, ол қаржы шаруашылықтарға қажетті роботтардың 20 түрін жасауға жетеді.

Жапонияда шаруа адамның орташа жасы — 67 жас. Соңғы бірнеше жылда өңделетін егістік аумағы екі есеге азайып кетті. Ауылшаруашылығы кәсібі жастарды қызықтырмайды, бұл Жапонияны шет елден жеткізілетін азық-түлікке тәуелді етіп отыр.

Алдағы уақытта шаруаларға күріш алқаптарына арналған автономдық басқарылатын тракторлар беріледі, әрі ағаштар басындағы жемістерді жинауға ыңғайлы арнайы экзоқаңқалар ұсынылады.