KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 333,70 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 333,70 теңге

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 333,70 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.

  • 26 Сәуiр 2016
  • 242
Фото - Caravan.kz

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 333,70 теңгені (-0,11 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 9 900 мың АҚШ долларын (-27 200 мың USD) құрады.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ.


Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 51,2800 (-0,0286 теңге) теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 200 мың юаньды (-500 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.