Тараптар «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын жүзеге асыру асындағы ынтымақтастықтың нығаю перспективаларын талқылады.
«Бүгінгі шараға қатысып, жиылғандарға Сиань қаласындағы «Жібек жолының экономикалық белдеуінің» жүзеге асу барысын баяндау мен үшін үлкен мәртебе. (…) Президент Н.Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жақсы досы. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатқа ие және жыл сайын нығайып келеді. Қытайда Н.Назарбаевқа үлкен сыйластықпен қарайды», — деді Шангуань Цзицин Ш.Нұрышевпен кездесуде.
Ол Шэньси провинциясы Баоцзи қаласының мэрі болғанда Қазақстанға сапармен барғанын айтты. Ш.Нұрышевты алдағы мамыр айында «Жібек жолының экономикалық белдеуінің» дамуы тақырыбындағы көрмеге қатысуға Сиань қаласына шақырды.
Қазақстандық журналистерге берген сұхбатында Шангуань Цзицин Сиань қаласы Қытайдың бірінші құрлықтық екенін атап өтті. 2016 жылы 26 наурызда қалаға Қазақстаннан 2 мың тонна жүк тиелген алғашқы Чанъань пойызы жетті.
«Бүгіннен бастап Сиань мен Орталық Азия елдері арасындағы халықаралық темір жол жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Біздің компанияларымыз Орта Азия елдерінің жетекші компанияларымен ынтымақтастық орнатып жатыр. Мысалы, «Айцзюй» корпорациясы бастаған кәсіпорын Қзақстанда ауыл шаруашылығы алаңдарының құрылысын бастады. Көптеген электронды коммерциялық кәсіпорындар Орталық Азияда электронды коммерциялық платформалар құра бастады», — деді ол.
Еске сала кетейік, шараны Қазақстан мен Түркіменстанның Қытайдағы Елшіліктері сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырған. Таныстырылымға 130-дан астам адам қатысты, олардың арасында Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев, Түркіменстанның Қытайдағы Елшісі Чинар Рустамова, ҚХР Шэньси провинциясындағы Сиань қаласының мэрі Шангуан Цзицин, ҚКП Ляньюньган қаласындағы партия комитетінің хатшысы және аталған қала әкімшілігінің директоры У Ицяо, «Қытай теміржолдары» компаниясының вице-президенті Хуан Минь, Түркіменстан Теміржол көлігі министрлігі маркетинг бөлімінің бастығы Азат Арызмедов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаев, ҚХР СІМ-нің өкілдері, сондай-ақ 40-қа жуық қытайлық көлік компаниялары мен БАҚ қатысты.
Шара қытайлық бизнес өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды.