Алматы облыстық ТЖД-нің ақпаратынша, автобус Үржардан Алматыға жол жүріп шыққан. Салонның ішінде 25 жолаушы болды. Алайда көлік құралы тағайындалған жерге дейін жетпеді. Жолға шыққан соң шамамен үш сағаттан кейін ол өртене бастады. Өртке сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған.
«Адамдар шұғыл түрде қауіпсіз жерге шығарылды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Автобус толық өртеніп кетті. Қазіргі кезде материалдық шығын анықталып жатыр», — деп баяндады Алматы облыстық ТЖД-нің баспасөз хатшысы Назерке Смағұлова.
Департаментте құтқарылған жолаушылардың қазіргі кезде қайда екенін, сондай-ақ шығынның өтелу-өтелмеуін түсіндіре алмады.