Ғалымдар бидайдың жаңа түрін зертханалық сынақтан өткізіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар бидайдың жаңа түрін зертханалық сынақтан өткізіп жатыр

Ғалымдар бидайдың жаңа түрін зертханалық сынақтан өткізіп жатыр

Ақмола облысының Шортанды ауданында орналасқан Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бидай тұқымының тағы бір жаңа түрін сынақтан өткізуд

  • 27 Сәуiр 2016
  • 387
Фото - Caravan.kz

Ел диқандары үшін арнайы өндірілген астықтың бұл сұрпы бұған дейін тек Германия, Польша, Франция, Австралия, Қытай, Венгрия және Беларусь елдерінде өсірілген. 

Қазақстандық бидайдың ерекшелігі қуаңшылыққа шыдамды. Қазір зертханалық жағдайда сынақтан өтіп жатқан жаңа тұқым, енді 7-8 жылдан кейін егістік даласына себілетін болады. Мамандардың айтуынша, бұл сұрыптың болашағы зор. 

— Бұл тұқымның қолданыс аясы өте кең. Оны шаруалар мал жемі ретінде де пайдалана алады. Ал оны өңдеп, диеталық тағамдарға да қосуға болады. Третекале тұқымының тағы бір ерекшелігі ол құнарлығы төмен жерде өссе де, мол өнім беруі әбден мүмкін, — деді зертхана меңгерушісі Галина Штефан.