Білім беру саласындағы жаңа жүйе баланың ойлау қабілетін арттырады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім беру саласындағы жаңа жүйе баланың ойлау қабілетін арттырады

Білім беру саласындағы жаңа жүйе баланың ойлау қабілетін арттырады

Еліміздегі білім беру бағдарламасына енгізілген тың өзгерістер оқушының ой-өрісі мен қарым-қабілетін арттыруға тың серпін береді. Білім сапасын сынақтан өткізіп жатқан оңтүстікқазақстандық ұстаздардың ой-пікірі осындай. Қанат қақты жоба облыстағы 2 мектепте енгізілген. 8 айдан бері жаңа талапқа сай білім алып жүрген 1-сынып оқушылары өз ойын сауатты саралап, емін-еркін жеткізе алатын болды. Көңіл көншітер бастапқы нәтиже Ұлт жоспары – «100 нақты қадамда» жүктелген міндеттің мінсіз орындала бастағанын аңғартады. Бірдей киімкиген оқушылар сабақ үстінде шаршаса, бір сәт билеп бой жазады. «Бұл баланың ойын бөлмейді, қайта сергек отырып, үйге берілген тапсырманы мұқият тыңдауына мүмкіндік береді», - дейді ұстаздар. Қанатқақты жоба енгізілген мектептің жаңалығы бір бұл ғана емес. Балалар үш тілде білім алады. Мұнда шиыршық әдісі қолданылады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.

  • 27 Сәуiр 2016
  • 714
Фото - Caravan.kz

Мирас Абаев, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының бірінші сынып оқушы:

— Маған өзіме математика пәні ұнайды. Бәріміз топтық жұмыс жасаймыз. Егер білмей қалсам, қасымдағы досымнан сұраймын. Сосын екеуіміз біліп отырамыз. Ағылшыннан әріптерді үйренеміз, дәптерге әріптерді жазамыз. Ал орыс тілінен тағамдарды, машина көліктердің атауларын әріптерді үйренеміз. Жобаның тағы бір тиімділігі балалар сабақ үстінде топ-топқа бөлініп, тапсырма орындайды. Бірі білмегенді екіншісі толықтырып отырады. Тіпті сол тақырып бойынша жазған мазмұндамаларын қорғап шығады. Яғни бұл тәсіл оқушылардың бір-бірімен байланысын нығайтып, ұяңдықтан арылтады. «Оқушылардың арасында білім бәсекесін тудырып, көшбасшы болуға ынталандырады», — дейді ұстаздар.

Күлшат Шереханова, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының бірінші сынып жетекшісі:

— Жаңартылған бағдарлама, біріншіден, балаларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Өз ойларын анық айтады. Қазір сабақ үстінде көріп жатырсыздар, балалар өздері тақырып бойынша жұмыс жасап, сурет салып, қорғап беріп жатыр. Бұрын балалар көпшіліктің алдында сөйлеуге қымсынатын. Осы тілдік пәндер бойынша жұмысының айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Жаңа бағдарламада оқушының үлгерімін бағалау жүйесі де өзгеше. Бұрынғыдай күнделік жоқ. Тек электронды журналға тоқсандық балы қойылады. Бала әр күнгі үлгеріміне қарай өзіне-өзі баға береді. Ал дәптерлеріне түрлі жұлдызшалар қойылады. Бүлдіршін әрдайым күліп тұрған смайлик алуға тырысады. Білім беру бағдарламасына енгізілген қанатқақтыжобаны тіпті ұстаздардың өзі қайта оқып шығуына тура келген. Бұл мектептегі сыныптарда бұрынғыдай баланың үлгерімі бес балдық жүйе бойынша бағаланбайды. Яғни әр топтың және өзінің жеке берген жауабына қарай олардың күнделікті дәптерлеріне смайликтер қойылады. Бұл баланың қаншалықты деңгейде жақсы оқығанын, яғни үлгерімін көрсетеді. Бұдан бөлек жобада қатып қалған қағида жоқ. Бала тақырыпты толық меңгергенше ұстаздар бір немесе екі сабақты бір тақырыпқа арнайды. Жаңартылған білім мазмұны әзірге Түркістан қаласы мен Созақ ауданындағы бір-бір мектепте сынақтан өткізіліп жатыр.


Қуандық Құлажанов, облыстық білім басқармасының басшысы:

— Созақ мектебіне 30 миллион қаржы бөлініп, материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Түркістанда 2 лингафон, 2 физика, 2 биология кабинеті ашынып, 5 интерактивті тақта орнатылды. Осы мақсатта биыл 1066 бастауыш мектеп мұғалімдері 509 қазақ тілі, 807 ағылшын пәні мұғалімдері біліктілігін арттыру жоспарланып отыр. «Бірінші сыныптан бастап оқушының бойындағы бар қабілетті арттырып, жоба өз нәтижесін берсе, болашақта барлық мектептердің бағдарламасына енуі мүмкін», — дейді облыстық білім басқармасындағылар.