Батырхан Шөкенов атындағы республикалық әншілер конкурсы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батырхан Шөкенов атындағы республикалық әншілер конкурсы басталды

Батырхан Шөкенов атындағы республикалық әншілер конкурсы басталды

Бүгін Қызылордада Батырхан Шөкенов атындағы «Отан - Ана» республикалық әншілер конкурсы басталды. Осыған орай Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында қазылар алқасы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне

  • 27 Сәуiр 2016
  • 656
Фото - Caravan.kz

Конкурсты облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырды. Мақсат — Қазақстан мен Ресей эстрадасының жұлдызы, танымал музыкант, әнші-композитор Батырхан Шөкеновтың ән мұраларын, шығармашылығын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау.

— Байқауға республиканың әр түкпірінен 18-30 жас аралығындағы 230 адам қатысуға тілек білдірді. Солардың ішінен 26-сы іріктеліп алынды, — деді басқарма басшысы Ержан Әбдірахманов.

Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Рымбаева бастаған қазылар алқасының құрамында композитор-музыкант Наджиб Вильданов, композитор, дирижер, музыкант Яков Хан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов, әнші Мәдина Сәдуақасова бар.


— Қатысушылар ережеге сәйкес, әнші репертуарынан және еркін тақырыпта бір-бір әннен орындауы тиіс. Бұл жастар үшін үлкен мектеп болары сөзсіз. Жас орындаушылар Батырханның дейгейіне жетуге талпынуы керек, — деді Роза Рымбаева.

Екі күнге созылатын өнер додасының лауреаттары қорытынды Гала-концертте өнер көрсетеді. Айта кетейік, конкурс бұдан былай екі жылда бір рет өткізіледі.

Перейти к новостям спорта