Осылайша, 9 сәуірде Ақтөбе қаласының бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 19 жастағы тұрғыны ұсталып, оқшаулағышқа қамалды. Оның 12 эпизод бойынша кінәсі дәлелденді. Қылмыскердің жәбірленушілерге көрсеткен жалпы шығыны бір миллион теңгеден асты.
14 сәуірде бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған, есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған 44, 34 және 29 жастағы адамдардан құрылған қылмыстық топ ұсталды. Олардың Заречный кентінің аумағында жасаған пәтер ұрлықтарының 10 эпизоды бойынша кінәсі дәлелденді. Күдіктілер жәбірленушілерге екі миллионға жуық теңге сомасында шығын келтірген.
16 сәуір күні жеделшілер бірқатар ауыр қылмыстарды жасауда күдікті 32 жастағы қала тұрғыны ұстады. Тергеу шараларының барысында тергеушілер оның алты эпизод — төрт қарақшылық шабуыл және 2 тонаушылық бойынша кінәсін дәлелдей алды. Ұсталған ер адам облыс орталығының аумағындағы дүкендер мен дәріханаларды тонаған. Тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша қаражаттарын алды. Қылмыскер кәсіпкерлерге жалпы сомасы 300 мың теңге көлемінде шығын келтірді.
Сондай-ақ қаланың бұрын талай рет сотталған 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Оның пәтер ұрлықтарының 20 эпизоды бойынша кінәсі дәлелденді, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.