Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК ағымдағы жылдың 28-30 сәуір күндеріне ауа райы болжамын таратты.

  • 28 Сәуiр 2016
  • 581
Фото - Caravan.kz


Синоптиктердің ақпараты бойынша, қазақстанның оңтүстік облыстарына Иран аудандарынан циклон жылжып, онымен бірге алдағы үш тәулікте бұл аудандардың кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жылы өткінші жаңбыр жауады. Батыс бөлігінен басқа, қалған аумағына Батыс Сібірден атмосфералық ағындар жылжып отыр. Мұнда кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерде 0-3 градус үсік түседі, күндізгі ауа температурасы көбіне 13-20 градус болады. Республиканың батысында жауын-шашынсыз күн райы болжанады, тек Маңғыстау облысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.