«Проблема ресейлік тараптың пойыздардың РФ аумағында транзитпен тексерусіз жүруіне рұқсат бермегенінде болған. Қазіргі кезде ресейлік пойыздардың 16 жұбы осындай кестемен Қазақстан арқылы өтіп жатыр, және өткен жылдың қараша айында біз Ресей үкіметіне кейбір учаскелерде пойыздардың өзара тексерілуін жүргізу ұсынысын жасадық. РФ Көлік министрлігі қаулы жобасын іске қосты, ол арқылы екі қазақстандық пойыздың Илецк, Орал стансалары арқылы тоқтаусыз және кедендік шектеулерсіз өтуіне рұқсат берілген. Мамыр айының соңына дейін екі пойызды іске қосуымыз тиіс», — деп хабарлады Берік Қамалиев.
ҚТЖ вице-президенті Оралға «Тұлпар-Тальго» пойыздары жүретінін атап өтті.