Мамыр айындағы мереке күндері жауын-шашынды болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айындағы мереке күндері жауын-шашынды болады

Мамыр айындағы мереке күндері жауын-шашынды болады

«Қазгидромет» РМК ағымдағы жылдың 30 сәуірі-2 мамыры аралығындағы демалыс және мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын таратты.

  • 29 Сәуiр 2016
  • 683
Фото - Caravan.kz


«Сәуір мен мамыр — қазақстанда ең көп жауын-шашын түсетін айлар. Биылғы жылы да тура солай болды. Сәуірдің соңғы күні мен мамыр айының басында республиканың көптеген аудандарында атмосфералық ағындардың әсерімен найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашынның мол түсуі күтіліп отыр», — делінген хабарламада.

Синоптиктердің ақпаратынша, сенбі күні солтүстік, шығыс және орталық облыстарда түнде жаңбырдың сулы қарға ұласуы мүмкін, мұндағы ауаның температурасы көпжылдық мәндерінен 1-3 градус төмен болатыны күтілуде, және мұндай температура болжанып отырған барлық кезеңде сақталады. Республиканың қалған аумағында орташа тәуліктің ауа температурасы орташа мәндерінен 2-6 градус жоғары болатыны күтіліп отыр.