Шекарашылар Каспийде бекіре балығын заңсыз аулаған екі адамды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарашылар Каспийде бекіре балығын заңсыз аулаған екі адамды ұстады

Шекарашылар Каспийде бекіре балығын заңсыз аулаған екі адамды ұстады

Өткен демалыс күндері Каспий теңізіндегі қазақстандық шекарашылар бірқатар заң бұзушылықтардың жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

  • 3 Мамыр 2016
  • 453
Фото - Caravan.kz


Біріккен жедел-сауықтыру іс-шараларының аясында жүргізілген қызметтік қимыл барысында шекарашылар заң талаптарын бұзған екі адамды ұстап, олардан барлығы 18 бекіре балығын тапты. Браконьерлік құралдардың арасынан 2 қайық пен 8 400 метр ау құралдары тәркіленді.

Жалпы, жоғарыда аталған іс-шара басталғалы бергі бір айдан астам уақыт ішінде теңіздегі шекарашыларымыз заң талаптарын бұзған 39 адамды ұстады. Олардың 36 қазақстандықтар болса, үшеуі Өзбекстан азаматтары. Теңіз бетінен — 115 907 метр ау құралдарын,  27 500 метр қаттама ау, 14 200 ілгек, 373 дана бекіре балығын, 89 дана бекіре тұқымдас балықты тәркіледі. Сондай-ақ браконьерлерден 17 дана итбалықты босатқан.