KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 332,51 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 332,51 теңге

KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 332,51 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бұл туралы биржаның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 4 Мамыр 2016
  • 263
Фото - Caravan.kz


Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 332,51 теңгені (+3,30 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 123 450 мың АҚШ долларын (+111 100 мың USD) құрады. 
Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. 
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. 
Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 51,0129 теңгені (+0,1829 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі — 700 мың юаньді (+500 мың юань) құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.