Ақбөкендердің көшіп-қону мекендері бойынша қорғау жұмысын күшейту мақсатында киіктің төлдейтін жерлерінде «Ырғыз-Торғай» және «Алтын дала» екі мемлекеттік табиғи резерватының инспекторларын топтастыру шарасы өткізілген. Сондай-ақ, браконьерлікпен күресті жандандыру үшін «Охотзопром» базасында жол талғамайтын көлікпен қамтамасыз етілген тәжірибелі инспекторлардан құрылған 6 топ жасақталған. Бұдан басқа да шаралар жүзеге асырылуда. Алайда құзырлы министрлік ақбөкенді қорғау шарасын ұтымды және жедел ұйымдастырса да өткен жылғыдай киіктердің жаппай қырылуының қайталануына алаңдаушылық танытуда.