Павлодар маңындағы орман алқабынан әйел адамның мүрдесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар маңындағы орман алқабынан әйел адамның мүрдесі табылды

Павлодар маңындағы орман алқабынан әйел адамның мүрдесі табылды

Павлодар облысы Жетекші ауылы жолының бойындағы орман алқабында, жолдан 150 метр жерде 46 жастағы әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

  • 4 Мамыр 2016
  • 475
Фото - Caravan.kz


Оның денесінде зорлап өлтіру белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптаманың алдын ала деректері бойынша ол денесі мұздап кеткеннен қайтыс болуы мүмкін. Алайда нақты диагнозы бір айдан кейін белгілі болады. Сот алды тергеу басталды.

Баспасөз қызметі қызметкері С. Мусинаның айтуынша, полицейлер әйелді әкелген таксистен жауап алды. Ер адам әйелдің мас болғанын, мекенжайы қайда екенін айта алмағанын айтты. Әйелдің өтініші бойынша таксист оны үйлердің бірінің алдына түсіріп, кетіп қалған.