«Елдегі құнары ең аз жерлер оңтүстікте орналасқан. Солтүстік өңірлерде негізінен жеңіл қоңыр және қара топырақ басым. Олар мол өнім береді, атап айтқанда, қара жерде 5-7% гумус болса, жеңіл қоңыр алқаптың құрамында шамамен 3-5% қарашірік бар. Егер оңтүстік өңірлерді алсақ, негізінен онда сұр топырақ, онда 2-3% гумус болады», — деді Е.Базылжанов.
Оның айтуынша, кейінгі жылдары оңтүстікте топырақ құнары азайюы байқалған. Бұл негізінен жерді тыңайту жүйелі түрде өткізілмейтіндіктен болады.