ҚР СІМ Шалабаевқа бассауға берген Литваға нота жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Шалабаевқа бассауға берген Литваға нота жолдады

ҚР СІМ Шалабаевқа бассауға берген Литваға нота жолдады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Литваның сыртқы саясат ведомствосына «БТА банкінің» экс басшысы Мұхтар Әбілязовтің балдызы Сырым Шалабаевқа бассауға бергені үшін нота жолдады.

  • 5 Мамыр 2016
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Литваның Сыртқы істер министрлігіне нота жібергендігін қуаттаймыз. Шетелдік мемлекеттердің сыртқы ведомстволарымен арадағы нота жазбаларының мазмұнын ашу біздің ережемізге сай келмейді», — деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов.

С.Шалаевты Қазақстан мен Украинаның құқық қорғау органдары іздеуде. Оған «БТА банкі» АҚ-ның қаржысын ұрлады және ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында ірі көлемдегі қаржыны заңдастырды деген айыптар тағылуда. С.Шалабаевтың аталған қылмыстарға қатысы бар екендігін Лондонның жоғары соты да нақтылаған болатын.

«Бұл мәселеге қатысты қосымша мағлұматтарды Қазақстанның құқық қорғау органдары бере алады», — деді ҚР СІМ баспасөз қызметінен.