Назарбаев: Астана Варшавамен жақын қарым-қатынаста болғысы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Астана Варшавамен жақын қарым-қатынаста болғысы келеді

Назарбаев: Астана Варшавамен жақын қарым-қатынаста болғысы келеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасы Сенатының төрағасы Станислав Карчевскиймен кездесуде Астана Варшавамен жақын қарым-қатынаста болғысы келетінін жеткізді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне

  • 5 Мамыр 2016
  • 551
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Қазақстан мен Польшаның экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығы, сондай-ақ парламентаралық өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы екі ел арасында тәуелсіздік жағдайындағы жақсы қарым-қатынас орныққанын атап өтті.

"Біз Польшада атқарылып жатқан істерге зор құрметпен қараймыз. Сіздің ел Еуропадағы даму қарқыны жөнінен көшбасшы елдің бірі болып саналады. Біз Варшавамен жақын саяси қарым-қатынаста болғымыз келеді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті былтыр қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 70-ші сессиясы аясында поляк көшбасшысы А.Дудамен кездескенін еске алды. Сол кездесу барысында Польша Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сапармен келуге шақырған болатын.


"Бұл біздің жақсы достық қарым-қатынастымызды одан әрі тереңдете түсудің жаңа мүмкіндігіне айналады деп үміттенемін", – деді Қазақстан Президенті.
Өз кезегінде С.Карчевский екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Польша басшылығы Қазақстан Президентінің Варшаваға сапарын күтіп отырғанын атап өтті.