Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

5-7 мамыр күндері Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМ

  • 5 Мамыр 2016
  • 484
Фото - Caravan.kz


«Алдағы үш тәулікте циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның көбіне оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында 7 мамырда мол жауын-шашын түсуі ықтимал. Республиканың қалған бөлігі жоғары атмосфералық қысым алаңында болады. Сондықтан мұнда жауын-шашынның түсуі екіталай. Бірақ 7 мамырда Қазақстанның солтүстік облыстарына Орталық Уралдан (РФ) атмосфералық ағын ауып барады. Онымен бірге бұл аудандардың кей жерлерінде найзағайлы өткінші жаңбырлар жаумақ», — делінген хабарламада.