Назарбаев журналистердің сұрағына жауап бермей, қаша жөнелетін министрлерді сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев журналистердің сұрағына жауап бермей, қаша жөнелетін министрлерді сынға алды

Назарбаев журналистердің сұрағына жауап бермей, қаша жөнелетін министрлерді сынға алды

Мемлекет басшысы күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөніндегі кеңес барысында мемлекет көтерген бастамаларды мұқият түсіндірудің маңызы зор екенін айтты. Бұл туралы Президенттің ресми сайты хабарлады.  

  • 6 Мамыр 2016
  • 391
Фото - Caravan.kz


– Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына қарай жылжып, әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына ұмтылып отырғанымызды айтып жатырмыз. Бұл елдерде тағы бір ең басты стандарт бар, бұл – Үкіметтің және оның мүшелерінің қоғам үшін күнделікті ашықтығы. Онда министрлер барлық туындаған мәселелерге қатысты әрдайым шұғыл пікір білдіріп отырады. Ал бізде ше? Ақпараттық жұмыс тек журналистер алдына брифингке шығып, қағазда жазылғанды оқып берумен ғана шектелмейді. Біздің министрлер тіпті брифингтерде де журналистерден қашқақтап, қарапайым сауалдарға жауап бермейді. Қазіргі кезде біз министрліктерді қандайда бір саладағы саясатты айқындайтын органдарға айналдырдық. Саясаткер жұртпен тілдесуі, өз ұстанымын түсіндіруі, қоғамның сеніміне ие болуы тиіс. Халықпен, ең алдымен жаңа заңдарды қолданатын жұртпен кездесуі керек, – деді Елбасы.