Бұл туралы РБК хабарлады.
Түркия саясаткері Ахмет Дәуітоғлы өзінің шешімі туралы партияның штаб-пәтерінде мәлімдеді. Дәуітоғлы басқарушы партияның кезектен тыс съезінде қайта сайланбайтынын айтты.
«Президентпен кеңесулерден кейін мен партия көшбасшысын және премьер-министрді ауыстыру жақсы болады деген пікірге келдім», — деген Дәуітоғлының сөздерін келтіреді The New York Times. Ол басшылықты ауыстыру «партияның бірлігін сақтап қалу үшін бейбіт әдіспен өткізілуі тиіс», екенін атап өтті.