Е.Сағадиев қазақстандық оқушылардың әрқайсысына қажетті қаржыны бекіту керектігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Е.Сағадиев қазақстандық оқушылардың әрқайсысына қажетті қаржыны бекіту керектігін айтты

Е.Сағадиев қазақстандық оқушылардың әрқайсысына қажетті қаржыны бекіту керектігін айтты

Еліміздің білім беру бағдарламасындағы өзгерістер қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бүгін бұл салаға жауапты министр Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындары мен мектеп басшыларына өз ұсыныстарын жеткізді. «Қазақстандық оқушылардың әрқайсысына қажетті қаржыны бекіту керек. Сол арқылы оқушыны қалаған мектебіне ауыстырып, оған жұмсалатын мемлекет капиталын да қоса аударуға болады», - дейді министр. Ерлан Сағадиев білім ошақтары бухгалтерлік есебін ашық жүргізу қажеттігін де алға тартты. Оның үстіне 20 мектептің есеп-қисабын 3 маман атқара алады деген сенімде. Сондай-ақ, мектеп пәндері үшін негізгі оқулықтар қолданып, оқушыларға бірыңғай білім беруді жоспарлап отыр.     

  • 6 Мамыр 2016
  • 439
Фото - Caravan.kz

Майраш Тайкенова, ҚР Білім және ғылым министрінің PR кеңесшісі:

— Бұл жүйе бойынша ата-ана және оқушы өзіне ұнайтын мектепті таңдай алады. Яғни мектеп бюджеті оқушылардың санына байланысты болады. Осы жүйемен Мәскеудің білім ошақтары жұмыс істеп келеді. Тәжірибе бойынша мектеп директорлары менеджер секілді қызмет атқарады. Оның үстіне әкімшілік қызметкерлері азайып, ұстаздар қатары ұлғаятын болады.


Татьяна Крылова, мектеп директоры:

— Негізгі оқулықтың болғаны өте жақсы деп ойлаймын. Оның үстіне әрбір оқулықтың балама түрі болады. Қазіргі қолданыстағы кітаптарды да оқуға мүмкіндік бар. Бұл жүйе сапаға зор ықпал етеді деген сенімдемін.