Оңтүстік-шығыстың кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, бұршақ болуы ықтимал. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, түнде жел 15-20 м/с-ге жетеді, екпіні 25 м/с-ге күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Қостанай облысында тәулік бойы, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-22 м/с-ге күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде найзағай болады. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с. Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-6 градусқа дейін үсік күтіледі.