Петропавл тұрғыны героин сатқаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл тұрғыны героин сатқаны үшін ұсталды

Петропавл тұрғыны героин сатқаны үшін ұсталды

СҚО полицейлері 4 күннің ішінде  есірткімен байланысты 21 қылмысты анықтады, героиннің 60 дозасы алынды. Бұл туралы аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

  • 12 Мамыр 2016
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің есірткі бизнесімен күрес басқармасы қызметкерлеріне белгісіз азаматтың облыс орталығының аумағында аса ірі көлемде есірткілік заттарды сатып жүргені туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-іздеу шараларының барысында бұл ақпарат расталды. СҚО ІІД ЕБКБ-ның жедел әрекет етушілері 29 жастағы қала тұрғыны ұстады. Одан салмағы 31 грамм героин алынды. Ер адам оны сатпақ болған», — делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, ұсталған азаматтың пәтерін қызметтік-іздеу итінің көмегімен тексеру барысында ішіне жасыл түсті өсімдіктен жасалған зат бар екі қағаз мен бір полимерлік түйіншек табылды.


Сарапшылардың қорытындысы бойынша, анықталған зат «марихуана» есірткілік заты болып табылады. Жедел әрекет етушілер героиннің 30 грамы шамамен 60 дозаға тең екенін атап өтті.