Зиянкестерге қарсы күрес екі кезеңнен тұрады.
Сәуірден бастап Алматыдағы саябақтар мен орман-тоғайларда профилактикалық зарарсыздандыру жүріп жатыр.
«Қазіргі таңда ауданы 1811,63 га болатын 8 ауданның аумағы зарарсыздандырылып жатыр. 6 ауданда профилактикалық шаралар аяқталды. Бостандық және Медеу аудандарында ауа райының қолайсыздығына байланысты 97% және 65%-ға өңделді", — делінген хабарламада.
Үйлер мен аулаларды зарарсыздандыруға рұқсаты бар жеке компаниялар жүзеге асырады.