Астанада «ШейхҚазИнвест» құрылыс компаниясының басшылары сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «ШейхҚазИнвест» құрылыс компаниясының басшылары сотталды

Астанада «ШейхҚазИнвест» құрылыс компаниясының басшылары сотталды

«ШейхҚазИнвест» ЖШС құрылыс компаниясының басшылары «Хазірет» ТК үлескерлерінің қаражатын иемденіп алғаны үшін 8 және 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

  • 12 Мамыр 2016
  • 390
Фото - Caravan.kz

Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөліміндегі 2-тармақшасымен айыпталып отырған О.Шнайдер, Ч.Саидов және Р.Багаевқа қатысты қылмыстық істі қарады.

«Сот сотталушылардың аса ірі көлемде алаяқтық жасағанын анықтады, дәлірек айтқанда, алдау және сенімге кіру жолымен «Хазірет» ТК салу үшін  үлескерлердің ақшалай қаражатын иемденіп алған», — делінген Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Бұған дейін хабарланғандай, құрылыс компаниясының басшылары үлескерлерден жарты миллиардтан астам теңге жинап алған, олардың әрекеттерінен 80-ге жуық адам зардап шекті.