«11 мамыр күні Медеу ауданы аумағындағы Мохнатка тауының шығыс бөктерінде жауын-шашын салдарынан жер қыртысының аса ылғалданып кетуіне байланысты лай-тас көшкіні орын алды. Көлемі шамамен 700 текше метр. Сондай-ақ, Медеу-Шымбұлақ тас жолы бойында көлемі 200 текше метр болатын лай-тас көшкіні болды», — делінген хабарламада.
Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты бұл жол уақытша жабылды. Қазір оқиға орнында жолды тазарту жұмыстарына «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамынан 10 адам, Медеу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінен 2 адам және 4 техника жұмылдырылған.