Ер адам жұмысында өзінің әріптесімен дауласып қалған. Ашуға булыққан күдікті өзінің әріптесін ауыр кілтпен ұрып талдырып, көзіне білеутемір тығып алған. Алған жарақатынан жапа шегуші сол жерде көз жұмды.
Өлген адамның денесін құрылыс пакетінің орамасына орап алып шығып, марқұмның көлігін тізгіндеп айдалаға кете барған.
Көлікті жолда тоқтатқан полицейдің көзіне бұрыш шашып, қарсылық көрсеткен.
Қылмыстық істер бойынша Алматы мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК 99-бабы, 200-бабы, 380-бабы бойынша айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айрылды.