Калифорнияда ұшақ апатқа ұшырап, бортта болған 18 адам аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калифорнияда ұшақ апатқа ұшырап, бортта болған 18 адам аман қалды

Калифорнияда ұшақ апатқа ұшырап, бортта болған 18 адам аман қалды

Cessna 208  ұшағы бейсенбіде Фресно (Калифорния штаты) қаласының маңындағы жүзімдікке апатты жағдайда қонды. АҚШ Федералдық авиациялық басқармасы хабарлағандай, ұшқыш пен 17 парашютші аман қалды.

  • 13 Мамыр 2016
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Бір моторлы  Cessna 208 ұшағының аэродромнан ұшқаннан кейін көп өтпей қозғалтқышында ақау туындаған», — деп нақтылады басқарманың ресми өкілі   Ян Грегор. Оның айтуынша, ұшқыш ауада бұрылып, қонуға әрекет еткен.  Алайда аэродромнан 1,6 шақырым жерде апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды.   

Вудбридж ауданы өртке қарсы қызмет басқармасының деректеріне сәйкес, ұшақ тас жол маңына омақаса аударылып қонған, деп хабарлады ТАСС.

«Мен келген бетте естері кіресілі-шығасылы  ұшқыш пен парашютшілер аман-есен тұрғанын көрдім.  Мынадай жойқын жағдайда оларды құдай сақтады», — деп атап өтті лейтенант   Дэн Шмирер.


Оның айтуынша, аман қалғандар шеберлік танытып, оларды құтқарған ұшқышқа алғыс білдірді. Ол апатты болдырмас үшін сым желілерінің астымен ұшып, соңғы уақытта тұрғын үйді соқпай, бұрылып үлгерген.