Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек тиелген 18 вагонды аттандырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек тиелген 18 вагонды аттандырды

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек тиелген 18 вагонды аттандырды

12 мамыр күні гуманитарлық көмек жіберудің ресми шарасы өтті, оған Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов пен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиедуллоев қатысты.

  • 13 Мамыр 2016
  • 466
Фото - Caravan.kz


ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәжікстанға жалпы сомасы 873 мың долларды құраған бидай ұны, макарон өнімдері, ет және сүт қалбырлары, кептірілген жемістер, өсімдік және сары май, шай жіберілді.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы табиғи апат салдарынан зардап шеккен Тәжікстан Республикасына ресми түрде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешіміне сәйкес, қазақстандық тарап 2016 жылдың 10 мамырында Душанбе қаласына келіп жете бастаған гуманитарлық жүк тиелген 18 вагонды аттандырды.