Ақтөбеде Жер кодексінің нормаларын түсіндіретін Call-орталық жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Жер кодексінің нормаларын түсіндіретін Call-орталық жұмысын бастады

Ақтөбеде Жер кодексінің нормаларын түсіндіретін Call-орталық жұмысын бастады

Халықтың сауалына заңгерлер, жер қатынасының бас мамандары жауап береді.

  • 13 Мамыр 2016
  • 417
Фото - Caravan.kz

Енді тұрғындар 544-464 нөміріне аптаның 7 күнінде таңертеңгі сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін хабарласып, сауалдарына жауап алады. Бұндай байланысты қосуға Жер кодексіне енгізілген жаңашылдықтар себеп. Жер кодексіндегі нормаларды білуге жергілікті халық тарапынан үлкен қызығушылық туындап отыр. Аймақта сонымен қатар құрамына үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер кірген үш жақты комиссия да жұмысқа кіріседі.


Қабай Сәрсенғалиев, облыстық жер қатынастары бөлімінің жетекшісі:

— Жер мәселесі бойынша туындаған сұрақтар бойынша қоңыраулар түсіп жатыр. Аудандардан, қаладан. Бүгінгі күнде 40-тан астам қоңырау түсті.