Тұрғындар баспанасыз қалды. Жапа шеккендер және қаза тапқандар туралы хабар жоқ.
Жалын 1000 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Қазір өрт сөндірілді, құтқарушылар үйінділерді тексеруде. Полиция өртеді деген күдікпен бір адамды ұстады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол электр сымдарындағы мысты балқытып, оны қара нарықта сатпақ болған.