3 жасар қызын балконнан лақтырам деп қорқытқан ер адам нашақор болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3 жасар қызын балконнан лақтырам деп қорқытқан ер адам нашақор болып шықты

3 жасар қызын балконнан лақтырам деп қорқытқан ер адам нашақор болып шықты

3 жасар қызын балконнан лақтырам деп қорқытқан алматылық ер адам нашақор болып шықты. Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлад

  • 16 Мамыр 2016
  • 397
Фото - Caravan.kz


«Қазір ер адам қамауға алынған. Ол психиатриялық сараптамаға жіберілетін болды», — деді ол.

Айта кету керек, мамырдың басында «Құлагер» шағын ауданында ер адам әйелі мен үлкен қызын үйден қуып шығып, 3 жастағы кенже қызын кепілге алған болатын. Пышақпен қаруланған ер адам полицейлерден шұғыл түрде 10 млн доллар мен тікұшақ талап еткен болатын. 

Айтқанын істемесе бүлдіршінді балконнан лақтырам деп қорқытқан. Есі шыққан келіншек полицейлерден көмек сұраған. 

Ашу үстіндегі адаммен оқиға орнына жеткен полицей жігіт сөйлесе бастаған. 

«Біздің ұлтымыз бір болып шықты. Туған тілімізде сөйлесе бастадық. Біраз тілдескен соң барып, жігіт бірінші пышақты, сонан соң қызды беруге келіскен», — деді Алматы жергілікті полиция қызметінің полицейі Рахметжан Хакімақынов. 

7 мамыр отан қорғаушылар күніне қарай Рахметжан Хакімақынов көрсеткен батылдығы үшін арнайы төсбелгімен марапатталды.