Алматы облысында барымташы қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында барымташы қолға түсті

Алматы облысында барымташы қолға түсті

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, Алматы және Жамбыл облыстары аумағында жылқы ұрлаған 51 жастағы ер адам ұсталды.

  • 16 Мамыр 2016
  • 494
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай, 2015 жылдың желтоқсанында Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылы маңында 27 бас жылқы ұрланған.  Осылайша, жылқылардың иесіне шамамен 5 миллион теңге шығын келтірілді.

«Жылқышылар жергілікті полицейлермен бірге қылмыскерді қуды. Сөйтіп, Жамбыл облысында ұрланған жылқылардың ізіне түсті. Табын иесіз қалған  қоралардың бірінен табылды. Күдіктіге тоқталар болсақ, ол таулы аймақта белгісіз бағытта ізін суытты»,  — деді Алматы облыстық полициясында.

Екі аймақтық тәртіп сақшылары барымташыны ұстап, Жамбыл облысы Қордай ауданында бірқатар қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қамалды.


«Тергеу кезінде барымташы Алматы облысы Жамбыл ауданында желтоқсан айында болған оқиғаны айтты.  Оның өзге қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», — деп атап өтті Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінде.