Перуде бір тәулік ішінде екі ірі жол апаты болып, 27 адам ажал құшты. Тағы 40-қа жуық тұрғын жараланған. Алдымен ел астанасы Лима іргесінде жолаушыларға лық толы автобус апатқа ұшыраған. Артынша мемлекеттің солтүстігіндегі Кахамарка аймағында жүк көлігі шатқалдан құлады. Жалпы, Перуде жол апаты жиі болады. Салдарынан соңғы 5 жылдың өзінде 3 мыңға жуық тұрғын көз жұмып, тағы 50 мыңнан астамы жарақат алған.