Дәрігердің қабылдауына онлайн түрде де жазылуға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігердің қабылдауына онлайн түрде де жазылуға болады

Дәрігердің қабылдауына онлайн түрде де жазылуға болады

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік даму комитеті 2019 жылға дейінгі «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру барысын бағамдады. Бүгін Астанадағы №2 ауруханада болған депутаттар емдеу ісіндегі өзгешеліктермен танысты. Жалпы жаңа бағдарламаға сәйкес жауапты министрлік бірқатар тың бастаманы қолға алды. Мамандардың айтуынша, салада ІТ-мамандарға сұраныс артқан. Себебі емделушілер үшін ғаламтор арқылы кешенді қызмет көрсетіліп келеді. Ал алдағы уақытта дәрігердің қабылдауына келем деушілер онлайн түрде өз кезегін күтіп, қажетті ем-домын алмақ.

  • 17 Мамыр 2016
  • 370
Фото - Caravan.kz

Гүлнар Ықсанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

— Мемлекет дәрі-дәрмекпен қамту ісіне және елдің демографиялық өсіміне кері әсер беретін ауруларды азайтуға баса көңіл бөліп отыр. Оның үстіне келер жылы міндетті медициналық сақтандыру басталады. Жалпы жаңа бағдарлама бойынша министрліктің жоспарларын жан-жақты талқылаймыз. Бұл бір күннің жұмысы емес. Дегенмен қазір медициналық қызметке қолжетімділікті арттыруымыз қажет.


Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары:

— Болашақта смартфондар кең қолданыста болады деп ойлаймыз. Яғни мобильді қосымша арқылы кез келген емделуші өз-өзін қабылдауға жаза алады. Тиісті емдеу мекемесіндегі кезекті қарап, қалауынша оған тіркеледі. Сондықтан қазір бізде ІТ-мамандарға сұраныс жоғары.