Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

  • 18 Мамыр 2016
  • 569
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

О.О.Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

Қаулы етемiн:

1. Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 17 мамыр. №263