Алматыда баланы қағып, тайып тұрған Нексия жүргізушісі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда баланы қағып, тайып тұрған Нексия жүргізушісі ұсталды

Алматыда баланы қағып, тайып тұрған Нексия жүргізушісі ұсталды

Алматыда баланы қағып, тайып тұрған Нексия жүргізушісі қолға түсті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Мамыр 2016
  • 353
Фото - Caravan.kz

Оқиға өткен жұма күні Әуезов пен Қабанбай көшелерінің қиылысында орын алған болатын.

Жол-көлік оқиғасы туралы видеотіркегіштегі бейнероликті Youtube Nureke Abeno есімді қолданушы салған.

Бейнероликте баланың орнынан тұра сала қаша жөнелгені түсіп қалған. Оқиға орнында сәл бөгелген жүргізуші сыртқа шықпастан әрі адамдардың айтқанын тыңдамастан тайып тұрды.