Жамбыл облысында нөсер жаңбыр салдарынан елді мекендерді су басуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында нөсер жаңбыр салдарынан елді мекендерді су басуда

Жамбыл облысында нөсер жаңбыр салдарынан елді мекендерді су басуда

Жамбыл облысында нөсер жаңбыр салдарынан Сарысу және Жуалы елді мекендерін су басты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 19 Мамыр 2016
  • 406
Фото - Caravan.kz


Сарысу ауданының Жаңатас қаласында он шақты үйдің сарайын су алды. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері барды. Олар жергілікті атқару органдарының көмегін пайдаланып, экскаватормен арық қазды. Осылайша суды ағызып, қауіптің алдын алды.

Жуалы ауданы Қарабастау ауылында да бір үйдің ауласын су алды. Су деңгейі 15 см. Оқиға орнына барған ТЖД қызметкерлері бұған тек нөсер жаңбыр ғана емес, арықтың бітеліп қалуы да себеп болғанын анықтады. Қазіргі уақытта су сорылып алынып, қауіптің беті қайтты.