Бангладеште найзағай түсіп 81 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бангладеште найзағай түсіп 81 адам көз жұмды

Бангладеште найзағай түсіп 81 адам көз жұмды

Бангладеште 2 күн ішінде найзағай соғу салдарынан 81 адам көз жұмған, деп жазады шетелдік БАҚ.

  • 19 Мамыр 2016
  • 368
Фото - Caravan.kz

Найзағайлы жаңбыр елде бір апта бойы аптап ыстық болған соң басталған.

«Екі күннің ішінде осынша адамның көз жұмуы Бангладеште ғана емес, әлемде сирек кездеседі. Соңғы жылдары климаттың өзгеруінен найзағай жиі түсетін болды», — деді Төтенше жағдайлар министрі Мофаззал Хоссейн Чоудхури Майя.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың басым бөлігі Бангладештің орта бөлігі мен солтүстігінде ауылды аймақта тұратындар. Ресми мәліметтер бойынша, ол аймақта өткен жылы найзағай ұру салдарынан 17 адам жан тапсырған екен.